20 жел, 2019 сағат 10:53

2024 жылға қарай Қарағандыдағы кәсіпорындар ауаны ластамайтын болады - әкім

Балқаштағы «Қазақмыс» ЖШС бірнеше жыл қатарынан ауаға бөлінетін зиянды заттардың көлемін азайту бағдарламасы бойынша жұмыс істеуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бұл - өте өзекті мәселе. Кеше қала әкімі мен барлық өндірістік кәсіпорындардың басшыларының қатысуымен үлкен жиналыс өтті. Теміртау - қаласы экологиялық тұрғыда көбірек ластанған қала. Бір жарым ай бұрын ҚР Экология министрі кәсіпорындармен атмосфераға зиянды заттарды шығару мөлшерін төмендету кестесі бойынша кәсіпорындармен меморандумға қол қойды», - дейді Жеңіс Қасымбек.

Ол бұл шара жеткілікті емес екені туралы айтты.

«Бұл жеткілікті шара емес, себебі Теміртауға барғанда жағдай қалай екенін өздеріңіз де көріп жүрсіздер. Қазір кәсіпорынның басшылығы ауысқан. Бұл сұрақ бойынша бөлек кең көлемде жиналыс өтеді. Сол кезде ауаға зиянды заттардың бөлінуін азайту, туралы талқылаймыз. Сондай-ақ, қазіргі уақытта Парламентте Экологиялық кодекс қаралып жатыр. Ол жерде де өндіріс кәсіпорындарына қойылатын талаптар күшейген», - дейді ол.

Мысалы, Балқаштағы «Қазақмыс» ЖШС бірнеше жыл қатарынан ауаға бөлінетін зиянды заттардың көлемін азайту бағдарламасы бойынша жұмыс істеуде.

«Нәтиже айтарлықтай жақсарған. 2024 жылға қарай ол зауытта ауаны ластаушы зат мүлде болмайды. Мұндай жұмыстарды облыстағы ауаны ластаушы барлық кәсіпорындарда жүргізетін боламыз», - дейді облыс әкімі.

Сондай-ақ, ол Қарағандыдағы Медициналық университетте 1,5 мың шетелдік студент оқитынын айтты.

«Білім сапасы жақсы. Біз өзге өңірлерден келіп Қарағандыда ем алатындар үшін квота береміз. Өңірде онкологиялық дерттен көз жұматындар саны орташадан төмен. Жүрек қан-тамырлары ауруынан көз жұматындар саны бірінші орында», - дейді ол.