01 ақп, 2021 сағат 18:15

2021 жылы Қаражал мен Жәйремді сумен қамту мәселесі қалай шешілмек

Биылғы жылы Қаражал мен Жәйремде сумен жабдықтау мәселесіне нүкте қойылуы тиіс. Сонымен қатар, кәріз желілері мен су тазарту құрылыстарына ЖСҚ әзірлеу жалғастырылады. Облыс аймақтарының бірі қалй дамитыны жайлы Жеңіс Қасымбектің қатысуымен өткен кеңесте Қаражал қаласының әкімі Тілектес Досаев баяндады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ұзақ жылдар бойы Қаражал мен Жәйремнің басты проблемасы тозған су құбыры желілері мен ауыз су тапшылығы болып келген. Бұл мәселені шешу үшін бірнеше бағдарлама әзірленіп, республикалық және облыстық бюджеттен қаражат бөлінді. 2021 жылы сумен жабдықтау бойынша барлық мәселелер жабылады.

 

«Биыл тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша оң динамика сақталады. 10 мың шаршы метрден астам жерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Кезекте тұрғандардың басым бөлігін тұрғын үймен қамтамасыз етеміз. Сондай-ақ, коммуналдық тұрғын үйлер мен мектептерді жөндеу, апатты үйлерді бұзу, аула аумақтарын абаттандыру және елді мекендердің көшелерін жарықтандыру жалғастырылады», - деді Тілектес Досаев. 

Сонымен қатар Жәйрем-Қаражал жолының орташа жөндеуі аяқталады. Қаражалдан Атасу кентіне қарай жолды жөндеу аяқталды. Бұл учаскеде облыстық жолдың 28 шақырымын ретке келтіру ғана қалды. Оған қаражат бөлінді. 

Өңірде жыл сайын ауыл шаруашылығының өсуі байқалады. 2021-ші жылы да солай болмақ. ІҚМ аналық басының өсуі есебінен жалпы өнім көлемінің 3,4%-ға өсуі күтілуде. 

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға тоқталар болсақ, «Атамекен» микрокредиттік ұйымы арқылы жаңа жобаларды қаржыландыру жалғастырылады. Ісін жаңа бастаған бизнесмендер үшін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 40 грант қарастырылған.