20 қаң, 2021 сағат 14:30

2020 жылы Өзбекстаннан шетелге көшкен азаматтардың дені Қазақстанға қоныс аударған

Өткен 2020 жыл қорытындысына орай Өзбекстаннан көшіп кеткендердің саны елге көшіп келгендерге қарағанда 12,5 мыңға көбейген, деп хабарлайды УзА агенттігі.

Мемлекеттік статистика комитетінің Өзбекстандағы көші-қон жағдайы туралы ақпаратында, 2020 жылы Өзбекстаннан 203,7 мың адам көшіп кеткен. Сонымен қатар 191,2 мың адам елге қоныс аударған. Пандемия жағдайында шекаралар ұзақ уақыт жабық болғанына қарамастан, көші-қон көрсеткіштері 2019 жылмен салыстырғанда біршама көп. 

Өзбекстанға қоныс аударушылардың басым бөлігі Қазақстан (жалпы мигранттардың 37%-ы), Ресей (22,3%) және Тәжікстан (20%) елдерінен келгендер болса, шетелге кеткен азаматардың дені Қазақстанға (64,3%) және Ресейге (29,3%) көшкен.

2019 жылғы статистика бойынша 169,5 мың азамат шетелге қоныс аударған, ал сырттан елге қоныс аударғандар саны 158,9 мыңды құраған.