23 қаң, 2021 сағат 15:50

2020 жылы Қарағанды облысында 300-ден астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

2020 жылдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысында 322 адамға немесе 171 отбасына қандас мәртебесі берілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қандастар біздің өңірге келесі елдерден келген: Өзбекстаннан - 120 отбасы немесе 203 адам; Моңғолиядан - 43 отбасы немесе 106 адам; Қытайдан - 6 отбасы немесе 11 адам; Тәжікстаннан - 1 отбасы немесе 1 адам; Қырғызстаннан – 1 отбасы немесе 1 адам келді.

Еңбекке жарамды жасқа келгендердің ішінен - 205 адам, зейнеткерлер - 17, кәмелетке толмағандар - 100.

Қандастардың ең көп саны Теміртауда - 102 отбасы немесе 177 адам; Қарағандыға- 15 отбасы немесе 17 адам; Абай ауданында - 10 отбасы немесе 22 адам; Бұқар жырау ауданында - 8 отбасы немесе 31 адам; Осакаров ауданында - 12 отбасы немесе 30 адам; қалған өңірлерге - 24 отбасы немесе 45 адам қоныстанды.

Айта кеткен жөн, 1991 жылдан 2020 жылға дейін республикамызға барлығы 1 млн 70,3 мың этникалық қазақ келді.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында қандастарға жұмыс күші тапшы өңірлерге ерікті түрде қоныс аудару ұсынылады», - деп мәлімдеді Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында.