14 мам, 2025 сағат 12:35

$142 млрд: АҚШ пен Сауд Арабиясы ірі келісімге қол қойды

Фото: Reuters

Вашингтон мен Эр-Рияд қару-жарақ сату бойынша тарихтағы ең ірі келісімге қол қойды. Келісім құны – 142 миллиард доллар. Бұл туралы Ақ үй хабарлады.

  • - АҚШ Сауд Арабиясына «Боинг» ұшақтары, газ турбиналары, энергетикалық жабдықтар жеткізеді.
  • - Ал Сауд Арабиясы АҚШ-қа 600 млрд доллар инвестиция тартуға келісті.

Бұл мәміле Дональд Трамптың екінші мерзімдегі алғашқы шетелдік сапары аясында жүзеге асты. Ертең АҚШ президенті Қатар мен БАӘ-ге баруды жоспарлап отыр.