Фото: Turkystan.kz
Бүгін – 14 ақпан, Халықаралық кітап сыйлау күні. Айтулы датаға орай Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов қаламгерлер мен оқырмандарды мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Ult.kz.
Құттықтауында ол кітапты адамзаттың асыл қазынасы, ұлттың рухани жадын сақтайтын киелі мұра ретінде атап өтті. Сондай-ақ ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлыдың «Артық ғылым кітапта» деген сөзін келтіріп, білім мен парасаттың қайнары кітапта екенін жеткізді.
Мереке Құлкеновтің айтуынша, бұл күн – тек кітап тарту ету мерекесі ғана емес, ізгілік пен мейірімді, білім мен рухани құндылықтарды насихаттайтын ерекше дата. Ол оқырмандарды бір-біріне кітап сыйлауға, балалардың кітапқа қызығушылығын арттыруға және кітапханаларға қолдау көрсетуге шақырды.
«Кітап – ең қымбат сый, ең мәнді мұра. Руханиятымыз бай, оқырманымыз көп болсын!» делінген құттықтауда.
