Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» департаментінің директоры Нұрлан Күнтуовтың қатысуымен «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» – прагматизм мен сананың ашықтығына апарар жол» атты онлайн баспасөз туры өтті. 100 жаңа оқулық бүгінде сұранысқа ие болып, оқырман тарапынан үлкен қолдау тапқан жоба, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Аталған онлайн шараға, «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы, «Мазмұндама» қоғамдық қорының жетекшісі Шыңғыс Мұқан, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры Дихан Қамзабекұлы, Филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Шерубай Құрманбайұлы қатысты.
«Бүгінде жобаның соңғы кезеңі жүріп жатыр. Осы орайда әлемдік деңгейдегі 23 оқулық қазақ тіліне аударылуда. Айта кетейік, бұған дейін бізге неліктен тек батыстың кітаптарына басымдылық беріледі деген сияқты сын айтылды. Сондықтан соңғы оқулықтардың көпшілігі Шығыс кітаптары болмақ. Ал жалпы жоба осы жылдың желтоқсан айында аяқталуы тиіс. Әлбетте, кітаптарға деген сұраныс өте жоғары. Барлық студенттерге жетпейтіні белгілі. Соған байланысты, барша қауымға қолжетімді болуы үшін оқулықтардың электронды нұсқалары OpenU.kz Қазақстанның ашық университеті платформасы мен Kitap.kz порталдарына орналастырылды», - деді «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы.
Онлайн шараға қатысқан Филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Шерубай Құрманбайұлы «100 жаңа оқулық» жобасына қатысты өз ой-пікірімен бөлісті. Оның айтуынша, әлем тілдерінен қазақ тіліне айдарылып жатқан кітаптар тек оқу орындарында ғана еемс, оқырман үшін қолжетімді болуы керек.
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы тіл маманы ретінде, филолог ретінде мені өте қуантады. Қазіргі таңда қазақ тіліне аударылып жатқан әлемдік кітаптар оқу орынлдарына табысталып жатыр ғой. Енді менің ойымша, бұл кітаптар кез келген кітапханалар мен кітап дүкендерінен табылуы керек. Өйткені қандай да бір салалық қана емес, өз оқырмандарын тапқан құнды кітаптар. Өзім бірнешеуінің аударылуына қатыстым, оңай жұмыс жүріп жатқан жоқ. Бәрі тек қазақтілді оқырмандар үшін ерен еңбек жасалып жатыр», - деді Филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Шерубай Құрманбайұлы.
Айта кетейік, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында үш жылдың ішінде әлемнің әр тілдерінен үздік 77 оқулық қазақ тіліне аударылып, еліміздегі 132 университетке жеткізілді. Жаңа оқулықтар 2018-2019 оқу жылынан бастап жоғары білім беру жүйесіне енгізілді. Қазір жобаның төртінші кезеңіне таңдалған 23 оқулықты аудару процесі жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» департаментінің директоры Нұрлан Күнтуовтың қатысуымен «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» – прагматизм мен сананың ашықтығына апарар жол» атты онлайн баспасөз туры өтті. 100 жаңа оқулық бүгінде сұранысқа ие болып, оқырман тарапынан үлкен қолдау тапқан жоба.