27 қыр, 2020 сағат 11:30

100 жаңа оқулық: қазақ тіліне аударылған кітаптардың сапасы артты

Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында қазақ тіліне аударылған 23 оқулық жыл соңына дейін еліміздің жоғары оқу орындарына таратылады. Бұл туралы «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық: прагматизм мен сананың ашықтығына апарар жол» тақырыбында өткен онлайн конференциясында айтты, – деп хабарлайды Sn.kz.

Оның айтуынша, қолға алынған 2017 жылы алғашқы 17 оқулық аударылып, оның таныстырылымына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан.

«Біздің жоба – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызды бағыттарының бірі.  Өздеріңіз білесіздер, бұл гуманитарлық бағыттағы оқулықтарды қамтитын жоба. Басты мақсат - сананы жаңғырту болғандықтан, соған тікелей әсері бар философия, әлеуметтану, мәдениеттану, филология сияқты гуманитарлық бағыттар, сондай-ақ гуманитарлық ғылымға тікелей қатысы бар экономика, кәсіпкерлік саласы қамтылды», - дейді «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы.

Айта кетейік, аталған оқулықтардың электронды нұсқалары бар. Өткен жылы тағы 30 оқулықты аударылған. Аудармалардың сапасын арттыру мақсатында жыл сайын аударылатын оқулық саны 30-дан асырмау туралы шешім қабылданған. Ал биыл жыл соңына дейін  23 оқулық аударылып болады деп жоспарлануда.

Сонымен, қазақ тіліне аударылған 100 жаңа оқулық еліміздегі 132 оқу орнына таратылады.

Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлының қазақ тіліне аударылған оқулықтар жоғары оқу орындарына қалай таратылатыны туралы айтты.

«ҚР Білім және ғылым министрлігі бізге 132 оқу орнының тізімін берді. Әр оқу орнындағы студенттердің санына, оқулықтардың бағытына қарай тарату тәртібі бар. Оқулықтарды оқу орындарына тарату біздің мойнымызда. 132 оқу орнының ішінде мемлекеттік оқу орны да, жеке меншік оқу орны да, маманданған арнайы оқу орындары да бар. Әр оқулықтың таралымы - 10 мың дана. Кітапханада оқулық жетпей жатқан жағдайда смартфоннан ғаламторға кіріп, тауып оқуға болады», - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлының қатысуымен «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық: прагматизм мен сананың ашықтығына апарар жол» тақырыбында өткен онлайн конференциясы өтті. Белгілі болғандай, өткен жылы тағы 30 оқулықты аударылған. Ал аталған оқулықтардың электронды нұсқалары бар. Аудармалардың сапасын арттыру мақсатында жыл сайын аударылатын оқулық саны 30-дан асырмау туралы шешім қабылданған. Ал биыл жыл соңына дейін  23 оқулық аударылып болады деп жоспарлануда. Сонымен, қазақ тіліне аударылған 100 жаңа оқулық еліміздегі 132 оқу орнына таратылады.