25 жел, 2019 сағат 13:40

100 жаңа есім: Ауыр атлетикадан бапкер Олимпиаданың алтын медалін әкелуге уәде берді

«Қазақстанның ауыр атлетикасының үміті» атанған жаттықтырушы Иван Снегуров шәкірттерімен бірге табанды еңбек етіп, келешекте ел абыройын асқақтатуға уәде берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Иван Снегуров - Қарағанды қаласының тумасы.

«Менің атам мен әкем – ауыр атлетикадан бапкер болған кісілер. Міне, сондықтан әке жолын жалғастыру керек деп ұйғардым. 28 жасымда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері атандым. Қазіргі таңда менің шәкірттерімнің ішінен Әлем және Азия чемпиондары, республикалық деңгейдегі рекордсмендер де шықты. Табанды түрде еңбекті жалғастырып, стартқа дайындала береміз. Алайда қазірдің өзінде 2024 жылы амандық болса, Қазақстанға Олимпиаданың алтын медалін алып келеміз», - деді Иван Снегуров елордада «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының үшінші кезеңіне орай өткізілген жиында.

 

Бапкер шәкірттерінің бірлігі бекем, мақсаты айқын екенін атап өтті.

«Отандастарымды келе жатқан жаңа жылмен құттықтаймын», - деді ол.

Еске сала кетсек, елордада «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының үшінші кезеңі өтті. «Қазақстанның жаңа есімдері» жобасының мақсаты - тәуелсіздік жылдары Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан адамдардың тарихы мысалында табыстылық, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм және білімге табыну идеяларын ілгерілету. Биыл жобаға қатысу үшін 1673 анкета қабылданған. Жалпы, барлық қатысушыға 700 мыңнан аса дауыс берілген.

Барлық кезеңнің қорытындысы бойынша биыл 32 жеңімпаз анықталды.