Фото: pravo-rus.com
1 миллион АҚШ доллары көлемінде пара беруге итермелеген азамат сотқа тартылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Антикор алаяқтық және пара беруге итермелеу фактісі бойынша К. Алтаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Ол кәсіпкерді аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеп, Қарағанды облысындағы кен орнына жер қойнауын пайдалану келісімшартын ұзарту үшін лауазымды тұлғаларға беру сылтауымен алдау арқылы 1 млн АҚШ доллары сомасындағы ақшалай қаражатын жымқыруға әрекет жасады деп айыпталып отыр.
Айыпталушы К. Алтаев сотқа берілді. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды" - делінген хабарламада.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.