28 қаң, 2021 сағат 07:54

1 ақпаннан бастап Алматыда кинотеатрлардың жұмысына тыйым салынады

Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды  «Ұлт ақпарат».

Қаулыда мәдени нысандардың, оның ішінде, театрлар мен кинотеатрлардың қызметіне тыйым салу, сондай-ақ ойын-сауық мекемелерінің, яғни жабық мекемедегі балалар ойын алаңдары мен аттракциондардың, батут және басқалардың қызметіне тыйым салу туралы айтылған.

Сондай-ақ, көрмелер, форумдар, конференциялар ұйымдастыруға болмайды. Отбасылық іс-шараларды (банкет, үйлену тойы, мерейтой, еске алу шаралары) өткізуге тыйым салынды.

Сонымен қатар, өңіраралық және қалалық емес (туристік) тасымалдау қызметіне тыйым салынады. Алматыда демалыс күндері сауда орталықтары жұмыс істемейді.

Қаулы 1 ақпанда күшіне енеді.