22 қаз, 2019 сағат 07:59

Түркістан көгілдір отынмен толық қамтылады

Кеше апталық аппараттық мәжілісте Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан көгілдір отынмен толық қамтылатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Өңір басшысы шаһардың тең жартысынан астам аумағында газ құбырлары жүргізіліп қойғанын, халыққа көмірден гөрі, көгілдір отынды қолданған экологиялық әрі қаржы жағынан тиімді екендігін түсіндіру және қамтамасыз ету жауапты мекеме қызметкерлеріне тапсырылғанын айтты.

«Қаланы секторларға бөліп, жылыту маусымына дайындықты күшейту керек. Түркістан қаласын газбен қамту, көгалдандыру және экологиялық жағдайын жақсартуды мықтап қолға алу қажет. Арыс тәжірибесін қолданып, сапасына қатысты талапты да дәл сол деңгейде жүргізуіміз керек» деді Өмірзақ Шөкеев.