29 қар, 2019 сағат 09:38

«Манчестер Юнайтедтің» бапкері «Астанадан» неге жеңілгенін айтты

«Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері Сульшер баспасөз мәслихатында журналистердің сауалына жауап берді, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

«Біз ойынды керемет бастадық. Тамаша гол соқтық. Бүгін мұндай кездесуге алғаш шыққан үш ойыншы керемет матч өткізді. Жеңіс үшін бізге уақыт жетпей қалды» деді Сульшер.

«МЮ» бапкері жарақаттан соң Джесси Лингардтың оралғанына риза екенін жеткізді. Ол көшбасшылық рөлді керемет атқарды деген баға берді.

Сондай-ақ, норвегиялық бапкер Дмитрий Шомко мен астаналық қорғаушылар жоғары деңгейдегі ойын көрсеткенін атап өтті.

«Егер Эрич 17 жаста болса, оны «Манчестер Юнайтедке» шақыру туралы ойланатын едім» деді «Астана» қақпашысының ойынына баға берген Сульшер.

«Астана» «Манчестер Юнайтедті» 2:1 есебімен ұтты.