26 мау, 2019 сағат 07:50

Бақытжан Ертаев: Әскери адам ретінде бұл жағдайдың күрделі екенін білемін

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат, Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаев Арыстағы жарылысқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Менің ойымша, мұндай оқиғаның қайталанбауы үшін осы мәселені ары қарай егжей-тегжейлі талқылау керек. Қаза болғандардың туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін. Мәжіліс депутаттары бірінші күннен бастап осы қайғылы жағдайға ортақ болып, қолымыздан келгенше жәрдем беріп жатырмыз. Осындай жағдайға жол берілмеуі керектігі түсінікті. Атырау да есімізде. Осы Арыста да болған оқиға. Былай қарағанда, кінәлі адам табуға болады. Бірақ, кінәламау үшін, бұндай оқиғаны болдырмау қажет. Әскери адам ретінде бұл жағдай күрделі екенін білемін. Құзыретті органдар бұл мәселенің мән-жайын анықтайды, сәйкесінше, тиісті қорытынды шығарады», - деді Б.Ертаев.

Мәжіліс төрғасының ұсынысы бойынша бірқатар депутаттар қазір Арыста деген Бақытжан Ертаев арсеналдың қорғанысы жоғары болуы керек екенін атап өтті.

«Осындай арсеналдар жан-жақты күзетпен, қорғаныспен қамтамасыз етілуі тиіс. Менің ойымша, құзыретті органдар бұл мәселені толықтай зерттейді. Сондықтан осындай оқиғаларға жол бермес үшін тиісті шараларды қабылдайды», - деді ол.