27 мау, 2019 сағат 11:10

Арыстық 130 бала Баянауылға демалысқа аттанды

Бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің және Павлодар әкімдігінің ұйымдастыруымен Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты арыстық 130 бала мен аймақтың 10 ұстазы Баянауыл өлкесіне аттанды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Павлодар облысы әкімдігі Шымкент қаласындағы әуежайға арнайы ұшақ жіберіп, арыстық балаларды алып кетті.

Ал, «Алматы Кітап» баспасының ұжымы ұзақ жолға шыққан барлық баланы қажетті киім-кешекпен қамтамасыз етті. Айта кетерлігі, эвакуациялық орталықтарда жатқан балаларды жазғы демалыстарға жіберу жұмыстары жалғасатын болады.