Фото: Шымкент денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі
Шымкентте 65 жастағы ер адам кәмпитке қақалып, ажал аузынан аман қалды, деп хабарлайды Ult.kz.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, тәтті тыныс алу жолына түсіп, ірі бронхты толық бітеп тастаған. Соның салдарынан ер адамның тынысы санаулы секундтар ішінде қиындап, жағдайы күрт нашарлаған.
Науқас шұғыл түрде №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер бірден әрекетке көшіп, арнайы құралдардың көмегімен бөгде затты тыныс алу жолынан алып шықты.
“Дер кезінде көрсетілген көмектің арқасында пациенттің тынысы қалпына келтірілді. Сәл кешіккенде жағдай қайғылы аяқталуы мүмкін еді”, – деп хабарлады дәрігерлер.
Қазіргі таңда ер адамның жағдайы тұрақты. Ол қажетті емін алып, ауруханадан шығарылған.
