Фото: Pexels.com
Орал қаласында күйеуінің интимдік суретін қызғаныштан желіге таратып жіберген әйел сотталды, деп хабарлайды Ult.kz Батыс Қазақстан облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Прокурорлық мәліметтерге сәйкес, әйелдің кінәсі сотта толық дәлелденіп, "жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзғаны" және дербес деректерді заңсыз таратқаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар, прокуратура осындай тағы бір іс бойынша азамат И.-дің де әйелінің жеке суретін таратқаны үшін дәл осындай жазаға тартылғанын атап өтті. Заңсыз түрде жеке мәліметтерді тарату адамға моральдық зиян келтірумен қатар, 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін еске салды.
Бұған дейін журналист Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуінің сталкингі мен қудалауына қалай қарсы тұрғанын айтып берген еді.