Фото: Polisia.kz
Алматыда жалғыз тұратын 81 жастағы зейнеткерді ұрлап, мүлкін заңсыз иемденбек болған күдіктілер қолға түсті. Бұл туралы Polisia.kz порталы хабарлады.
Оқиға Түрксіб ауданында тіркелген. Қарияның жоғалып кеткені туралы полицияға оның танысы хабар берген. Жедел іздестіру шаралары барысында зейнеткер қала маңындағы елді мекендердің бірінен, жергілікті тұрғындардың үйінен табылды.
Тергеу мәліметінше, күдіктілер жәбірленушінің сеніміне кіріп, оның жалғыз тұратынын пайдаланып, бас бостандығын шектеген. Олар зейнеткерді қорқытып немесе алдап, жылжымайтын мүлкін өз атына рәсімдеуге көндірмек болған.
Адам ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікке ілінген екі ер адам мен бір әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиевтің айтуынша, азаматтардың дер кезінде хабар беруі мен полицияның жедел әрекеті ауыр қылмыстың алдын алуға мүмкіндік берген.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты тексеріліп, әр күдіктінің іс-әрекетіне құқықтық баға берілуде.
