Фото: ашық дереккөз
Ақтөбедегі ХҚКО-да заңсыз делдалдықпен айналысқан топтың әрекеті әшкереленді. Ресми мекеменің ішінде-ақ “көмекшілердің” жеке кабинеттері болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Ult.kz.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде қылмыстық схема құрған бір топтың жолы кесілді. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, олар ХҚКО ғимаратында жалға алынған бірнеше кабинетте отырып, сыйақы үшін жалған құжаттар арқылы шетелдіктерді тіркеумен айналысқан.
Полицияның хабарлауынша, күдіктілер Орталық Азия елдерінен келген азаматтарға заңсыз құжат рәсімдеуді жүйелі түрде ұйымдастырған.
Қазіргі таңда жалған құжаттарды дайындау, қолдан жасау және өткізу фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда.
