08 сәу, 2026 сағат 16:57

Астанада емхана басшылығы 675 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Фото: ашық дереккөз

Астана қаласының прокуратурасы елордадағы медициналық ұйымдардың бірінде бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады, деп хабарлайды Ult.kz. 

Тексеру барысында емхананың бұрынғы басшылығы ұзақ уақыт бойы азаматтарды емдеуге арналған қаражатты заңсыз шығару схемасын ұйымдастырғаны белгілі болды. Қаражаттар жақын туыстары мен үлестес тұлғалардың есепшоттарына аударылып, заңды қаржылық операциялар ретінде бүркемеленген.

Тергеу деректеріне сәйкес, жымқырылған қаржының бір бөлігі қымбат тұрмыстық техника сатып алуға және Италияға туристік сапарларға жұмсалған.

Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген залал 675 миллион теңгеден асады.

Аталған факті бойынша Астана қаласының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қазіргі уақытта іс аясында елорда прокуратурасының арнайы прокурорлары тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.