15 шіл, 2021 сағат 14:06

Қарамағындағылардан ақша алған «Қазақстан темір жолының» лауазымды тұлғасы ұсталды


«Қазақстан темір жолы» ҰК лауазымды тұлғасы ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлық агенттігі хабарлады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп жүргізілген іс - шаралардың нәтижелері бойынша «ҚТЖ» «ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының Жол және құрылыстар департаментінің директорын ұстады. Ол ұзақ уақыт бойы жүйелі негізде қызметі бойынша жалпы қамқорлығы үшін аумақтық бөлімшелердің басшыларынан ақшалай қаражат алған. Барлығы 5 млн теңгеден астам қаражат алынды. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Кінәлілік туралы түпкілікті шешімді сот анықтайды.», - делінген хабарламада. 

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.