15 шіл, 2021 сағат 15:18

Елордада 18 жастағы алаяқ жігіт жасөспірім қыздардың телефонын алдап алып кеткен


Елордада кәмелетке толмаған таныстарын алдап соққан 18 жастағы алаяқ ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бозбала таныс қыздарынан ұялы телефон сұраған. Ол оны қолына алғаннан кейін ыңғайлы сәтті күтіп, жасырынып қалған. 

Жасөспірімдердің ата-анасы полицияға бейтаныс жігіттің «iPhone 12 Pro Max» маркалы қымбат ұялы телефондарын алдап алғанын айтып шағымданған. 

Осылайша ол екі телефонды ұрлап, кейіннен бейтаныс адамдарға сатып жіберген.

Елорданың полиция қызметкерлері 18 жастағы қала тұрғынын ұстады. 

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 190 бабы бойынша алаяқтық фактісі негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.