Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Қуандық Бишімбаев сотта жауап беруін жалғастырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні олар "Гастроорталыққа" келіп, сол жерде арақатынастарындағы мәселені шешуді жалғастырғандарын айтқан.
"Ол диванға жатып қалды да (осы қалпында – ред. ескертпесі), мен біраз уақыт эмоцияға беріліп, заттарды лақтырып жүрдім. Есім шығып, не болып жатқанын түсіне алмадым, бұл жағдайым шамамен 10 минутқа созылды. Мен жанындағы диванға отырдым, ал Салтанат сол күйі жата берді. Осылай біз бір сағат өткіздік: ол демалып жатты, мен үнсіз темекі шегіп отырдым. Мен оған демалуға және қалпына келтіруге уақыт берейін деп ойладым.
Терезеге қарап едім, таң атып келе жатқанын түсіндім. Тәуліктің қай кезі екенін түсінбедім. Сағатыма қарап едім, жеті шамасы екен. Мен үйге қайтуымыз керек екенін түсіндім. Мен жейдесізбін, ол пальтосын ОКЗ-да қалдырып кеткен еді, жалаңаш денесіне менің күртем жабылған. Бұл жерден қалай кетеміз деп ойлап жүрмін. Бұлай таксимен жүру ұят деп ойладым. Көлікте қосымша киімдерім – сатып алған жейдем мен Салтанаттың заттары бар екенін мүлде ұмытып кеттім", - деп әңгімесін жалғастырды Бишімбаев.
Одан әрі Бишімбаев Салтанатты асықтырғанын айтты. Ол өздерінің қалай шығып кететініне алаңдағанын айтты. Бұл кезде сағат таңғы жеті болған.
"Адамдар көшеде жүре бастайды, сондықтан көшеге мүлдем шығу болмайды. Мен оны ояттым, ол орнынан тұрды. Сол кезде оның беті қызарып кеткен еді, бірақ әлі көгерген жоқ, аздап ісік пайда болған. Біз VIP-бөлмеден шықтық, мен оны асықтырдым, біз алдымен тұраққа түстік. Мен ол жерде күзетші бар деп ойладым, көшеге шықпасымыз үшін тұраққа такси шақыруын өтінгім келді, себебі үстіміздегі киім енді... менің жейдем жоқ, ал ол тек курткамды киген. Бірақ мен ол жерден күзетшіні таппадым. Оны іздеп, көлік тұрағын аралап шықтым. Бірақ оны таппадым, сондықтан біз шықтық. Мен "жарайды, көлікті өзім жүргіземін" деп ойладым. Мас екенімді түсіндім, бірақ бұл күйде қайда барарымды білмедім. Мен Салтаның қолынан ұстап, көлікке бардық", - дейді жауапкер.
Бірақ Бишімбаев көлікпен енді қозғала бастаған кезде өзінің мас екенін түсініп, "бірдеңе бүлдіріп қоямын ба деп ойлағанын" айтты. Кейінірек, сотталушының айтуынша, Салтанат оның ашуын келтірген.
"Мен бұрылып қарадым, ол "иә, мен осылай болғанын қаладым" деді, мен оның шашынан ұстап, бетінен төрт рет қатты шапалақпен ұрдым: екеуін сол қолыммен, екеуін оң қолыммен. Ол құлап түсті. Мен ашуланып: "Тұр" дедім. Мен тағы да түсіне алмадым. Менің күйім мынадай болды: ол мұны әдейі істеп жатыр ма, әлде өзін нашар сезіне ме?" деп ойладым. Осы уақыт бойы оның қандай күйде екенін түсінбедім. Ол құлаған кезде оны жамбасынан 3-4 рет тептім. Ешқандай маңызды мүшесіне соққы жасамауым керек екенін түсіндім... Ашумен оны төрт рет теуіп: "Тұр, тұр, не істеп жатырсың?" дедім. Ол орнынан тұрмады, мен ашуланып, шашынан тартып көтердім", - дейді Бишімбаев.
Айыпкер бұған дейін "BAU" мейрамханасына қалай келгендерін және не болғанын айтып берген еді.