29 сәу, 2021 сағат 11:12

Алматы облысында полицей әріптесіне оқ атты


Алматы облысында полиция қызметкері жанжал кезінде әріптесіне оқ атты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«27 сәуірде түн ортасында Райымбек ауданында екі полицей арасында жанжал шыққан. Салдарынан олардың бірі ауыр жарақатпен Нарынқол аулындағы ауруханаға жатқызылды», - деді Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаев. 

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу бастады. 

«Сонымен қатар жедел қызметтегі кемшіліктер және жеке құрамға бақылауды әлсіреткені үшін сыртқы қызметтердің жұмысын қадағалайтын аудандық полиция бөлімінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды», -деп атап етті Полиция департаментінің бастығы.

Әріптестер арасындағы жанжал кезінде сол жерде болған қызметкерлер де жұмыстан шығарылып, бірқатар лауазымды тұлға қатаң тәртіптік жауапқа тартылды.

Қазіргі уақытта жәбірленушінің жағдайы қанағаттанарлық.