Мониторинг тобы 23-25 сәуір аралығында рейд жүргізіп, карантин ережесін бұзған 25 деректі анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Жұмыс істеуіне тыйым салынған «V12», «Dali», «Grand House», «Lychee» караоке-кальян клубтары және «Лига Чемпионов», «Реал», «Лото клуб», «Киял», «ХАН», «ПС-4», «SunStrike» ойын клубтарында, сондай-ақ «Реванш» және «555» бильярд клубтарының адамдарға қызмет көрсеткені анықталды.
Карантин бұзғаны үшін №1 қалалық полиция бөліміне 19 адам және №2 қалалық полиция бөліміне 3 адам жеткізілді.
Сондай-ақ, «Арцах», «Зам-Зам», «Браво», «Corner 38» және «Қазақстан» қоғамдық тамақтану орындарында әлеуметтік арақашықтық сақталмады, жұмыс уақыты ескерілмеді.
«Алтын Шатыр», «Дармен» мейрамханаларында 80-100 адам жинап, салтанатты іс-шара өткізгені анықталды. Той бірден тоқтатылды.
«25 сәуір күні «Мега планета» СҮ, «Гаухар» дүкені және «Олимпийские резервы» спорт кешені Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысында көрсетілген карантин шектеулерін бұзған. Барлық факті бойынша материал уәкілетті органға жіберілді» деп хабарлады қалалық мониторинг тобы.