Алатауға 2 триллион теңге құйылады: 50-ден астам жоба іске асады

Алатауға 2 триллион теңге құйылады: 50-ден астам жоба іске асады
gov.kz

Алатау қаласына жалпы құны 2 триллион теңгеге жуық инвестиция тартылып, 50-ден астам ірі жоба жүзеге асырылады, деп хабарлайды ult.kz.

Бұл туралы Алатау қаласының әкімі Аркен Өтенов Мемлекет басшысының Alatau City жобасына қатысты тапсырмаларын орындау барысына арналған баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, қазіргі таңда инвестициялық жобалардың басым бөлігі әртүрлі іске асыру кезеңінде тұр. Сонымен қатар, негізгі басымдық инфрақұрылымды дамытуға беріліп отыр.

— Инфрақұрылымды дамыту үшін құны 300 миллиард теңгені құрайтын арнайы жол картасы қабылданды. Соған сәйкес қалада жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр, — деді Аркен Өтенов.