Дәрігер ұзақ өмір сүрудің ел білмейтін тағы бір құпиясын ашты

Дәрігер ұзақ өмір сүрудің ел білмейтін тағы бір құпиясын ашты

Дәрігер-стоматолог Джонатан Б. Левин ауыз қуысының саулығы адам өмірінің ұзақтығына тікелей әсер ететінін айтты, деп хабарлайды ult.kz.

Оның сөзінше, тіс пен қызыл иек ауруларын уақытында емдеу көптеген қауіпті дерттің алдын алуға көмектеседі.

Маман тістердің жағдайы қан қысымы, холестерин деңгейі, қант диабеті, деменция және жүрек ауруларымен байланысты екенін айтты. Сонымен қатар ауыз қуысындағы кейбір бактериялар артрит, өкпе қабынуы және қатерлі ісіктің жекелеген түрлерінің дамуына әсер етуі мүмкін.

Стоматолог әсіресе созылмалы қабыну тудыратын P. gingivalis бактериясын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, бұл бактерия ағзаның басқа бөліктеріне тарап, түрлі ауруға себеп болуы ықтимал.

Джонатан Левин ұзақ өмір сүрудің негізгі шарттары ретінде дұрыс ұйқыны, пайдалы тамақтануды, физикалық белсенділікті және саналы өмір салтын атады. Сонымен қатар ол бұл тізімге ауыз қуысының күтімін де қосуды ұсынды.