15 жел, 2016 сағат 10:54

Ықылас Ожайұлы. «Ерен еңбек», «ұлт қайраткері» ұғымдары осыншалық арзандап кетті ме?..

Қызық. Кешеден бері Қазақстанда «ерен еңбек сіңіргендер» мен «ұлт қайраткері» атағын алғандар дүбірінен қара жер теңселіп кетті. Бұта басын сындырмаған «балалардың» бізге де бұл сыйлық атаулы еш бұйырмады ғой деген жазбаларын оқып отырып қараптан-қарап қапаланып кеттім. Көріп отырмыз, «ерен еңбек» пен «ұлт қайраткері» ұғымдарының мұншалықты арзандап кеткендігіне ішің удай ашиды екен. Не нәрсенің бағасы салыстырмалы түрде анықталып жатады ғой.

Әркім бұл жағдайды кешегі Әлихандар еңбегімен салғастыра отырып, өз арына төрелетсін дер едік қой (Бірақ оларда мұны түсіне алатындай ар атауы қалды ма екен?..) 

Әй, «көкесі», мына бір қағиданы жақсылап тұрып есіңізге сақтап алыңыз. Сіздікі тек - ИТ ҚЫЛШЫҒЫНА ТҰНҒАН ҚЫЛАУДАЙ ЖАЛТ-ЖҰЛТ ЕТКЕН ЖАРҚЫЛДАҚҚА УАҚЫТША АЛДАНУ ҒАНА. Сіздікі тек - ИТ ҚЫЛШЫҒЫНА ТҰНҒАН ҚЫЛАУДАЙ ЖАЛТ-ЖҰЛТ ЕТКЕН ЖАРҚЫЛДАҚҚА УАҚЫТША АЛДАНУ ҒАНА. 

Маңдайдан аққан тер зәмзам суына пар болар замананың таңы атқан күні сіздің шатыңыз айырылғанша шапқылап жүріп қол жеткізген мына бір арзан атағыңыз алғашқы таң шапағына шыдас берместен еріп кетеді. Түсінесіз бе еріп кетеді...

P.S.: Бұл сыйлыққа лайықтыларды шын жүрегімізден құттықтаймыз, ал лайықсыздарды осылайынша бір сыбап алайық дедік...

Ықылас Ожайұлының фэйсбуктағы жазбасынан