#
#
Cәрсенбі 22/08/2018

Ұлттық сананың қатері – псевдосалафилер

  • 22.05.2018
  • 0
  • 2120

Ұлттық сана-сезім, ұлттық патриотизм әр адамды, әр халықты ұлттық ойлау қабілеті, ұлттық әдет-ғұрып, ұлттық салт-дәстүр қоршауында сақтайтын негізгі рухани байлық. Егер бір ұлттың бір бөлшегі басқа жерде, я өз Отанында бөлек ұлттың сана-сезімі негізінде тәрбиеленсе, онда ол қоғамның мүшелері басқа ұлттың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін қабылдайды, біраз уақыттан кейін сол ұлтқа сіңіп кетеді. Сондықтан халықты ұлт ретінде сақтайтын жалғыз жол бар. Ол жол – жас ұрпақты ұлттық сана-сезім негізінде тәрбиелеу.

Ұлттық сананың қалыптасуына және дамуына сезімдік және саналылықтұрғыдан қарауға болады. Сезімдік, олөз елін, халқын, ұлтын сыйлайтын, сүйетін алғашқы ыстық сезімнен туса,саналылық ұлтының өткені мен қазіргісін ұғып,  келешек халық тағдыры мен ұлт мәселелеріне мемлекеттік әрі дүниежүзілік тұрғыдан қарау болмақ.

Елбасымыз «Менің халқым, өзге ұлттың түсіне кірсе, шошып оянатындай ауыр-ауыр тағдырларды басынан кешті.Тіпті тұқым теберігімен қырылып, жойылып та кететін кездері болды. Бірақ азаттыққа деген арпалыс, Тәуелсіздікке деген талпыныс бүгінгі таңға жеткізді», деген болатын.

Сондықтан Тәуелсіздік біз үшін ең қастерлі де қасиетті ұғым болуға тиіс. Азаттығымыздың ширек ғасырында қoғaм­ның бaрлық сaлaсындa дeрлiк тeрeң дe күрдeлi өзгeрiстeр oрын aлды. Еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің алтын ұясындай Қaзaқстaн әлeм тaнығaн eлгe aйнaлып, хaлықaрaлық дeңгeйдe өзiнiң бәсeкeлeс бoлуғa қaбiлeттiлiгiн көрсeтiп кeлeдi. Бабаларымыз ғасырлар бойы арман­да­ған азаттықты алып, Тәуелсіз ел болу ба­қы­ты бұйырған бүгінгі ұрпақ келешекке осы ба­ғасыз құндылықты аманаттауға тиіс. 

Алайда біз айтып отырған аманатқа кесірлі дүниелер заман ағымымен қалыптасуда. Қазіргі замандағы жаһандану, ұлтсыздыққа итермелейтін қауіпті идеялар мен іс-әрекеттер орын алуда. Сол бір қауіптің ең қайырсызы айта-айта жауыр болған псевдосалафилердің идеясы болып отыр. Дінтанушы ғалымдар тарапынан аталмыш идеяның зияны мен залалы зерттеліп, талданса да мәдениет пен идеяда шекара болмайтыны секілді, қоғамнан аласталмай отыр. Кесірлі идеяны таратушы мемлекеттер оның зияндылығын қазіргі таңда ұғып болды. Себебі Пайғамбардың заманынан басталған харижиттік ұстанымның ешқандай опа болмайтыны белгілі. Заманында Мұхаммед пайғамбарды дінді дұрыс ұстанбайсың деп қаралаған харижиттердің қай заманында да жойылуға тиіс идея екендігі анық.

Псевдосалафилердің қоғамға, белгілі бір мемлекетке, елдің елдік мұратын жойып, ұлтсыздыққа алып келетін қауіпті қырларын талдап көрсек.

Аллатағаланың құранда «мен сендерді ұлт пен ұлыстан жараттым»десе, ұлттық сананың болуын қаласа, псевдосалафилердің барлық мұсылманды бір ұлтқа, бір мәдениетке, яғни ұлтсыздыққа ұрындыратын идеялары қоғамды дүрліктіріп болды.

Әр ұлттың ұлттық санасы, ол елдің халқының діні мен өз мәдениетін берік ұстану арқылы қорғалады. Атап айтсақ, ол елдің әні, тілі, ұлттық тарихы болмақ. Ал, ұлттық ерекшелікті жоққа шығаратын псевдосалафилердің қазіргі таңда өзіндік мәдениетке айналып үлгіргенін байқауға болады. Ұлттық санаға қауіптілігі де сонда.

Псевдосалафилердің қатерлі мәдениетің бірі – формализм. Яғни мазмұннан гөрі сыртқы форманы қуу. Бұл дегеніміз әр ұлттың өмір сүру салтын унификациялау деген сөз. Өзгеше ойлайтындарға деген сабырсыздық, өздерінің пікірлерімен келіспейтіндерге қарсы зорлық-зомбылықты насихаттау қоғамдық ортада мәдениеттің қақтығысына алып келеді.

Саясижәнеәлеуметтікқызметсалаларындабелсенділіктанытып, өзіндік мәдениетінің ұсақ жағдайларын сылтау етіп (мысалы, паранджа, нихаб, т.б. өздеріне тән мәдениеттерді) психикалық күрес әдіс-тәсілдерін қолдану, ұлттық сананы қорғау жолындағы мекемелердің қысымынан кейін, бізге қысым жасалуда деген сынды желеулерді алға тартып, өз мәдениеттерін насихаттау белең алуда.

Ұлттық сананың бірі де бірегейі, ол ұлттық тілі. Тілі шұбарланып, қолданыстан шыққан ұлттың діңгегі құлайтыны әпсанадан белгілі. Сол ұлттың тілдік өзгешіліктер өз тілімізге еніп, тілімізді байытса өз алдына, алайда олардың өзіндік тіл ерекшеліктерімен өзгешеленіп, үй  ішінен үй тігіп алатын әрекеттері, оларды оңашаланып, қазақи сөздерді айтуға қор санайтыны, араб тіліне ұмтылатындығы ұлттық санаға тілдік әрекеттер арқылы шабуыл деп түсінген жөн. Мәселенің ең маңыздылығы кейбір өзгеше тілдік ерекшеліктерді пайдаланып, қаны бір азаматтардың арасына сына қағып, араздықты қоздыратыны тағы бар.

Ең маңыздысы қоғамды «мұсылмандар» және «мұсылман еместер» деп екіге бөліп қарастыру псевдосалафилерге тән құбылысқа айналды. Мұсылман жамағатының өзін жікке бөліп, шынайы мұсылмандар деп тек пседоссалафизмді ғана мойындау арқылы қарапайым халықтың ұлттық мәдениетін жоққа шығарған өзіндік мәдениетін өз ортасында насихаттау белең алуда. Мәселе осы сынды қауіпті идеялармен адасқан азаматтарымыздың жалпы санының көбеюі болып отыр.

Халықтың халық болып өмір сүруі, не жырымдалып жүріп өз бет-бейнесінен айы­ры­луы сол ұлт өкілінің өзінен кейінгі ізба­са­рына бабалар аманатын қай сапада жеткізуіне байланысты. Материалдық дүниенің соңында қуалаймыз деп, ұлттық санамыздан ажырап қалсақ, бабалар аманатын аяқасты еткенімізбен бірдей. «Адам баласы ба­сына қонған бақты сезбейді, ұшқанда бір-ақ біледі», деген батыр Баукеңнің асыл сөзін­дей, әрбiр хaлық­тың шыққaн тeгi мен тaрихы, мoрaльдық-құқықтық мәдeниeтi болатыны aнық. Қaзaқ халқы тaрих сaхнaсындa қaн­шaмa қилы-қилы зaмaн­дaрды бaсынaн өт­кe­ріп, eшкiмгe ұқ­сa­мaйтын бiтiм-бoлмысы мен жaқсы қa­сиeт­тeрiн жоғалтпай, әлемдік қауым­дастықтан өз орнын алуға ұмтылуда. Өр­кe­ниeтке ұмтылған қaзaқ eлi бүгiнгi тaңдa та­рих­қа тағзым жасай отырып, өшкенін жан­дырып, болашағын бекемдеуде. Ал, бұл асыл мақсатқа кесір болар қатерлі идеялармен әрдайым күресу ұлттың баласына міндеттелген парыз болмақ.

Ұлттық тарихи санамызды жаңғырту- ұлт болып қалудың негізгі мәні. Өткенмен сабақтастық негізінде қалыптасқан, сана тамырын ұлтының тарихи қойнауына жіберген азамат ғана ұлтының шынайы перзентіне айналары хақ.

Жарас Аханов,

ҚР ДІАҚМ Дін істері комитеті

Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу

және талдау орталығының

бөлім басшысы

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар