09 қаң, 2020 сағат 12:00

Ирандағы трагедия: Тергеудің алғашқы қорытындысы жарияланды

Иран билігі Тегеранда құлаған "Украина халықаралық авиалиниялары" компаниясының ұшағы апатына қатысты тергеудің алғашқы қорытындысын жариялады, – деп хабарлайды РИА Новости.

Елдің азаматтық авиация ұйымының есебінде "лайнер жерге соғылғанға дейін өртенді" делінген.

"Куәгерлердің мәліметіне сай, ұшақтан от көрінген және ол оның фюзеляжы (корпусы -) бойына тараған", - деп нақтыланған құжатта.

Ведомство дерегіне сәйкес, лайнердің ұшу траекториясы ақау пайда болғаннан соң экипаж ұшақты әуежай жаққа кері бұрғанын көрсетеді. Дегенмен осындай кезде ұшқыштар бортта төтенше жағдай туындағанын хабарламапты.

Қайғылы оқиға кеше таңертең болды. Киев бағытындағы "Украина халықаралық авиалинияларының" Boeing 737-800 ұшағы Имам Хомейни атындағы әуежайдан әуеге көтерілгеннен кейін біраз уақыттан соң құлады.

Тегерандағы лайнер апатынан 176 адам қаза тапты. Алдын ала ақпарат бойынша, әуе апатына қозғалтқыштың істен шығуы себеп болған.