29 сәу, 2024 сағат 14:51

Солтүстік Қазақстан облысы су тасқынының ең жоғарғы деңгейінен өтті - ТЖМ


© Sputnik / Елена Бережная

Солтүстік Қазақстан облысы су тасқынының ең жоғарғы деңгейінен өтті. Бұл туралы СҚО әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы Серік Ғайсин Амстанада өткен брифингте мәлімдеді деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".


Маманның сөзінше 3 898 үйді су шайған, 3 617 үй әлі де су астында қалып отыр. Барлығы 14 388 адам эвакуацияланып, 764 жан үйге оралған, 13 624 адам эвакуациялау орындарында әлі де қоныс теуіп жатыр.


Сондай-ақ, бүгінгі таңда жалпы сомасы 984,3 млн. теңгеге 2 666 отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алған екен. 


"Қала аумағында 34 саяжай серіктестігі немесе 3031 құрылымы бар 6597 саяжай учаскесі су басқан, оның ішінде 75 саяжай үйі заңнамаға өзгерістер енгізілгеннен кейін төленетін жалғыз тұрғын үй болып табылады. Бүгінгі таңда "Қазақстан халқы" қорымен құны 2,7 млрд. теңге болатын 100 бір үлгідегі тұрғын үй салуға меморандумға қол қойылды. Аудандарда және Петропавл қаласында су тасқыны салдарын жою, қалпына келтіруге жатпайтын тұрғын үйді бөлшектеу үшін 85 мехбригада құрылды  және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу", -деді Серік Ғайсин.