30 сәу, 2024 сағат 14:48

ІІМ интернет-алаяқтардың жаңа схемалары туралы ескертті

Фото:gov.kz

Ішкі Істер Министрлігі ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев су тасқынынан зардап шеккендерге қатысты өтемақы алуда болуы мүмкін интернет-алаяқтардың жаңа схемалары туралы ескертті деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат". 


"Өтемақы төлеуді күткен адамдарға алаяқтар белгілі бір мемлекеттік органның атынан қоңырау шалып, адамның су тасқынынан зардап шеккендердің тізімінде тұрғанын растау үшін SMS-тен код жазып жіберуін ұсынуы мүмкін. Шындығында, осы кодтың арқасында алаяқтар жәбірленушінің атына көп мөлшердегі несие рәсімдей алады. Дегенмен, білу маңызды: мемлекеттік органдар мен банктердің қызметкерлері ешқашан телефон арқылы құпия деректерді беруді талап етпейді. Зардап шеккендерге өтемақы төлеу мәселелері тек ресми түрде шешіледі: жеке сапармен немесе ресми веб-ресурстарды пайдалану арқылы. Sms-ке келетін кодтарды ешкімге хабарлауға болмайды. Күмәнді сілтемелерге өтуге болмайды. Телефоныңызға қауіпті вирустер өтіп кетеді, бұл алаяқтарға телефон иесінің атынан банктік операциялар жасауға мүмкіндік береді, деді Астанада өткен брифингте Шыңғыс Әлекешев.


Сонымен қатар, полиция қырағы болуды, құпия деректеріңізді сақтауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді ескертеді.