Шығыс Қазақстан Облысында өзендердегі су деңгейі көтеріліп, су басуы мүмкін деп ескертті "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова. Бұл туралы "Ұлт Ақпарат" хабарлайды.
"2024 жылғы 30 сәуір-04 мамыр аралығында негізінен жаңбыр түріндегі жауын-шашын күтілуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысының аумағында беткейлік ағындардың қалыптасуы, өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі, қауіпті деңгейден асуы, сондай-ақ кішігірім өзендер мен бұлақтардың, уақытша арналардың сулылығы кобеюі мүмкін.
Ескерту: бұл ретте автожолдар мен темір жолдардың, тұрғын елді мекендер мен шаруашылық құрылыстардың төгілуі мен су басуы мүмкін", -деді А.Ысмағұлова.
Солндай-ақ, маманның сөзінше Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашынды ауа райы күтіледі, 01-02 мамырда еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жауын-шашын болады, түнгі уақыттарда жаңбырдың қарға ұласуы ықтимал, найзағай, еліміздің оңтүстік-шығысында бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша екпінді жел күшейеді, түнде солтүстік, шығыс өңірлерде тұман болады деп болжануда.
Скандинавия аймақтарынан енген салқын антициклон жотасы әсерінен, солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, 1-6 градус үсікке дейін, күндіз 5-13 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі. Сондай-ақ, суық фронт біртіндеп еліміздің оңтүстік аймақтарына қарай жылжиды, онда ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, 2 градус үсікке дейін, күндіз 15-25 градус жылуға дейін төмендейді.