Өңірлердегі су тасқыны жағдайына байланысты ахуал қандай екенін ҚР Төтенше Жағдайлар Министрлігі өкілі Асқар Шәріп Астанада өткен брифингте баяндады деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".
"Атырау облысында Жайық өзені су деңгейіне мониторинг жалғастырылуда. Су тасқыны жағдайының мониторингі дронның көмегімен жүзеге асырылады.Бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен тәулікте Индер, Махамбет, Исатай, Құрманғазы аудандарында 500-ден астам км бөген салынды. Құлсары қаласында су басқан аумақтан жылжымалы сорғы станциясы мен мотопомпа көмегімен 207 мыңнан астам текше метр су сорылды", -деп отыр маман.
Жалпы Республика бойынша 38 521 адам өз үйлеріне оралды. 6 726 адам эвакуациялау пункттерінде. Су тасқыны бастағалы бері 12,9 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7 млн астам қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 20 мыңнан астам адам, 2 772 техника, 335 су сору құралы және 249 жүзу құралы, 7 әуе кемесі жұмылдырылды.
Бұған дейін Алматы қаласынан, Қарағанды облысынан Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына көмекке барған қорғаныс министрлігі күштері мен құралдарының бір бөлігі тұрақты орналасу орындарына қайтарылуда.
Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімінің күштері Ақтөбе облысында жалпы ауданы 403 гектар су басқан аумақтарда дезенфекциялау жүргізілді.