30 сәу, 2024 сағат 17:25

Қазақстанда бір қалада Жеңіс шеруі өтетін болды


Байқоңыр қаласы әкімшілігінің ресми сайтында мамыр мерекесіне арналған шаралар тізімі жарияланды.

Бұл тізімде 9 мамырда сағат 10:00-де Байқоңырдағы Ленин алаңында өтетін Жеңіс парады да аталған.

Айта кетейік, 3 сәуірде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мамыр айындағы мереке күндері Қазақстанда әскери парадтар өткізілмейтінін мәлімдеген.