13 мау, 2019 сағат 10:13

Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ә.Т. Садықұловты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындау туралы

Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалсын.  

Қазақстан Республикасының Президенті  Қ.Тоқаев