Қасиетті Рамазан айында Мәскеуде осымен 12 рет Шатыр Рамаданда ауызашар берілді. Оған 800-ден астам адам қатысты, деп хабалайды "Ұлт ақпарат" Ресейдегі Қазақстан елшілігіне сілтеме жасап.
Қонақтардың қатарында басқа конфессия өкілдері де бар. Жиналғандар Құран оқып, исламның құндылықтарын сөз етті. Сондай-ақ қонақтарға қазақтың ұлттық дәстүрлері туралы баяндалды. Шариғат бойынша, ауыз бекіткен мұсылманды тамақтандырған адам ораза ұстаған жанға тиесілі сауапқа ие болады.
«Бұл ауызашардың ерекшелігі, кез-келген адам қалауынша астан алды. Ауыз бекіткен қауымды тамақтандырып қана қоймай, ұлттық ерекшеліктерді насихаттаған ұйымдастырушыларға үлкен алғыс білдіремін», - деді өз сөзінде «Болашақ» бағдарламасының докторанты Қазбек Дәуіталиев