10 нау, 2022 сағат 12:28

Зюгановтың мәлімдемесіне қарсы ресми наразылық болмайды – Мұхтар Тілеуберді


Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ресейлік депутат Геннадий Зюгановтың Қазақстанның солтүстік аймақтары туралы мәлімдемесінен кейін Қазақстан неге наразылық білдірмейтінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Ресми наразылық болмайды. Біз Зюганов Ресей Федерациясының Коммунистік партиясының көшбасшысы екеніне сүйенеміз. Ол қазіргі үкіметке оппозициялық партия ретінде танылған. Оппозиция әрқашан қазіргі биліктің ресми ұстанымынан бөлек немесе тіпті оған қайшы келетін сол немесе басқа пікірді ұстанады.

Зюгановтың сөзін Ресейдің федерал арналарының ешқайсысы көрсеткен жоқ. Президентіміздің Мәскеуге жұмыс сапары барысында Ресейдің Қазақстанға аумақтық талаптары жоқ екені жоғары деңгейде расталды", - деді Тілеуберді Үкімет отырысынан кейін журналистердің сауалдарына жауап беріп.

Ол Ресей Коммунистік партиясы КСРО Коммунистік партиясының із басушысы және сол идеологияға негізделгенін, яғни ол дүниежүзілік социалистік революцияны жүзеге асыруды және бүкіл әлемде пролетариат диктатурасын орнату мақсатын көздейтінін айтты.

"Назарыңызды бұл видео 2 ай өткен соң пайда болғанына аударғым келеді. Бұл видеоның Украинадағы оқиғалар кезінде пайда болуы кездейсоқ емес. Қарулы әскери қақтығыс ақпараттық кеңістіктегі күрестің шиеленісуімен қатар жүретінін және Қазақстанның ақпараттық кеңістігін қамтитынын түсіну керек.

Белгілі біреулер мен арандатушылықтарға қарсы әрекетті өздеріңіз, журналистер ескеруі керек екенін түсінуіңіз керек. Сіздер бұл видео неге бұрын емес, қазір шыққанын анықтауыңыз керек. Оны кім жариялады және т.б.", - деп қосты министр.

Еске салсақ, Зюганов Қазақстанның русофобиялық саясатын алға тартып, РФ билігін ҚР солтүстік өңірлерінің тұрғындарын қорғауға шақырады. Коммунистердің жетекшісінің айтуынша Ресей Байқоңырдан бастап қару-жарақ уран өндіретін ең маңызды зауыттарды және полигонды қорғау үшін бәрін жасауы керек.

«Ол үшін Қазақстан басшылығымен барлық қажетті консультацияларды өткізіп, тілдік, мәдени және рухани қауіпсіздікке кепілдік беретін түбегейлі шараларды қабылдау қажет», — деп атап өтті саясаткер.