10 там, 2020 сағат 10:33

Зиялы қауым Алматыдағы Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Алматы қаласында зиялы қауым өкілдері Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шара Абай алаңында өтті. Оған шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев, белгілі қаламгерлер Олжас Сүлейменов, Мұрат Әуезов, Есенғали Раушанов, Роллан Сейсенбаев, Бақытжан Қанапянов, Ақберен Елгезек қатысты.

Абай есімі – қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы.

Еске салайық, Қазақстан Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленді.