Әлеуметтік желіде Жүрсін Ерманның шетелдік құдасы немересімен қазақ әніне билеп жатқан видео пайда болды.
Видеода Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус немересімен қазақ әніне билеп отыр.
"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесустің немересі жартылай қазақ. Баланың аты Кай.
ДДҰ басшысының ұлы Аммануил болса айтыскер ақын Жүрсін Ерманның Ардақ деген қызынан туған жиені Айданаға үйленген.
Айдана шетелде тұрса да қазақтың төл мәдениеті мен өнерін ұмытпаған. Ән айтып, домбырамен күй де тартады. Ал атасына қазақ тілін үйретіп қойған.
Видеодан көргендеріңіздей, атасы мен немересі әнші Ұланғасыр Қамиевтің “Ямахау” әніне билеп жатыр", - деп жазылған видео астында.