26 мау, 2019 сағат 10:40

Журналистердің мерекесі қаулымен бекітілді

Қазақстанда 28 маусым күні бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесі аталып өтетін болады. Үкіметтің тиісті Қаулысы жарияланды.

"Ұлт Ақпарат" оқырманға Қаулының молық мәтінін ұсынады.

***

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы (2019 жылғы 25 маусым №431 Нұр-Сұлтан, Үкімет Үйі)

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сəйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ етеді:

1. «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., №53, 343-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде:

мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

«6-1. Байланыс жəне ақпараттандыру қызметкерлері күні - 17 мамыр»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні - 28 маусым».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.МАМИН