26 мау, 2020 сағат 07:54

Журналистер туралы жаңа ән шықты

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі кәсіби мерекесіне орай журналистерге ән арнады. Министр Аида Балаева осы әнді Facebook парақшасында жариялады. 

«Ән барша журналистерге арналады», - деп жазды министр парақшасына. 

Еске сала кетсек, былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке арнайы қаулымен Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесін бекіту жөнінде тапсырма берген еді. 

«Бұл БАҚ-тың қоғамдағы маңызды рөлін айқындайтын әділ шешім болмақ», - деп жазды Президент Twitter-де. 

Көп өтпей Үкіметтің тиісті Қаулысы жарияланып, 28 маусым күні Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесін атап өтетін болды.