Мұнай-газ нарығының сарапшысы Сергей Смирнов дизель отынының сапасы нашар екені туралы айтқан жүргізушілердің шағымына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Айта кетейік, бұған дейін Желіде қазақстандық жүргізушілер қатып қалған және парафинделген дизель отынын көрсеткен видео тараған еді. Дизельдің сапасы нашар болғандықтан жүргізушілер жолда қалып қоюы мүмкін.
"Негізі, мұнай өңдеу зауыттарында ондай жасалмайды. Зауытта сапалы отын жасалады, көбіне ол Евро-4. Ал сапасы нашар дизель зауытта емес, жанармай станциясына жіберілген кезде сұйылтылуы мүмкін", - дейді Смирнов.