14 жел, 2020 сағат 17:10

Жүргізуші Нұр-Сұлтандағы Ресей елшілігінің шлагбаумына соғылды

Жүргізуші Нұр-Сұлтандағы Ресей елшілігінің шлагбаумына соғылды. Ресей елшілігінің маңында болған оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 14 желтоқсанда болған. Полиция мәліметінше, "Лада Ларгус" көлігінің 22 жастағы жүргізушісі Тәшенов көшесінен Бараев көшесіне қарай бара жатып, жол мұз кезінде рульді басқара алмай, көлік оңға қарай сырғып кеткен. Жол апаты салдарынан көлік Ресей елшілігінің шлагбаумын соғып, майыстырған.

"Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы, 1-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал Нұр-Сұлтанның мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді", - делінген хабарламада.