26 сәу, 2024 сағат 19:28

Жүргізуші әйелді ұрған Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды


Алматыда үш адамның өліміне әкеп соқтырған атышулы іс бойынша сот отырысы өтіп, істе үкім шығарылды.

Ер адамға екі бап бойынша айып тағылды: 

- ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы "Бұзақылық";

- ҚР Қылмыстық кодексінің 351-бабы "Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету қағидаларын бұзу".

Бүгін, 26 сәуірде судья үкім шығарды. Осылайша, сот шешімімен айыпталушы Дархан Ахметжанов кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін сотталушы соңғы сөзін айтқан болатын.