Фото: Видеодан скриншот
11 наурыз күні Павлодар қаласындағы Қамзин көшесінде орналасқан тұрғын үйдің подъезінде белгісіз ер адам зейнеткер әйелдің азық-түлік пен әмияны бар сөмкесін тартып алмақ болған, алайда қария барынша қорғанып, тонау әрекеті сәтсіз аяқталды, деп хабарлайды Ult.kz.
Алдымен ол қарт әйелге лифт ішінде шабуыл жасап, кейін дәліз бойымен сүйреп әкеткен. Алайда әйел сөмкесіне "кенедей жабысып" қысып ұстап, қарақшыға заттарын бермей қойған. Соның салдарынан ер адам ештеңе ала алмай, қашып кеткен.
Фото: Видеодан скриншот
Полиция қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы күдіктінің жеке басын жедел анықтады. Ол бұрын сотталған Екібастұз қаласының тұрғыны болып шықты. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адамның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
