17 қаң, 2025 сағат 12:04

Жүрегінен оқ атқан: Әскерде тағы бір өлім

Фото: gov.kz

Жетісу облысы Сарыөзек елді мекенінде орналасқан әскери бөлімде жас сарбаз қайтыс болды, деп хабарлайды Ult.kzRatel.kz басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 14 қаңтар күні 12740 әскери бөлімінде болған.

"14.01.25 күні сағат 12:30 шамасында №12740 (Сарыөзек) әскери бөлімінде қатардағы жауынгер Құрманбек Дастан Маратұлы АК-74 автоматымен жүрегіне оқ атқан, ол сол жерде көз жұмды. Ол 19.10.24 күні Түркістан облысы Мақтарал аудандық әскери округінен әскерге алынған", – делінген ақпаратта.

Оқиғаға қатысты әскери бөлім мәлімдеме жасады. 

“Әскери-далалық оқу-жаттығулар кезінде сарбаз атыс қаруын қолдану ережесін бұзып, кеудесінен жарақат алған. Қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себептері анықталып, тергеу шаралары жүргізілуде, құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы басқаратын арнайы комиссия тағайындалды. Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады”, – делінген хабарламада.