Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин Мәжілісте өткен дөңгелек үстелде «Қазақтелекомның» монополиясын шектеу жолдарын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Теміржол тасымалы бойынша да ұсыныстарымыз бар. Жүк тасымалдауға лицензия беру үшін қойылатын біліктілік талаптарын қайта қарау керек. Тасымалдаушының иелігінде жаңа локомотивтер болуы керек. Табысы аз жүк тасымалдаудан бас тартқан компаниялардың лицензиясы қайтарылуы қажет. Жаңа жүк ағынын тартқан кезде ғана транзиттік тасымалға рұқсат берілуі шарт. «ҚТЖ»-ға тиесілі көлемге талас жоқ. Халықаралық теміржол қатынасының өткізу қабілетін арттыратын ұзақ мерзімді бағдарлама қабылдау ұсынылады», - деді агенттік төрағасы.
«Әуе тасымалы нарығында «Qazaq Air»-дің акцияларын сатып, «Fly Arystan»-ның акцияларын жеке заңды тұлға ретінде шығару, кейіннен активтердің 51%-ын сату ұсынылады. Авиаотынның биржадағы сатылымын ұлғайту, ашық аспан режимі мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұзарту, бесінші және жетінші дәрежелі еркіндік құқығын беру жоспарланып отыр. Қалаішілік жолаушылар тасымалдарында жаңа коммуналдық кәсіпорындар құруға тыйым салу керек. Тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялауды қамтамасыз ету ұсынылады. Егер бюджеттен субсидияланбаса, қаражат маршруттарды «әлеуметтік» деп атауға тыйым салынады. Байланыс нарығында «Қазақтелеком» компаниясының екі бірдей байланыс операторына иелік ету мәселесін қарастырған жөн. «Қазақтелекомның» аралас тауар нарықтарындағы қызметін де қызметін шектеу қажет. Кәбіл желісіне қол жеткізу ережелерін қайта қарау арқылы, бірнеше байланыс операторларына мүмкіндік беретін заңнамалық өзгерістер енгізу қажет», - деді агенттік басшысы.