21 қыр, 2021 сағат 13:15

Жұма намазы енді мешіт ішінде оқылады



27 қыркүйектен бастап жұма намазы мешіт ішінде оқылады.


Вице-премьер Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдады.


27 қыркүйектен бастап жұма намазы жабық орын-жайларда оқылады. Алайда қызметкерлер мен келушілердің статусы Ashyq-та "қауіпсіз" болуға тиіс.


"Жасыл" аймақта тұрған өңірлерде мешіт ішінің адамдарға толуы 50 пайыздан, "сары" аймақта 30%-дан, "қызыл" аймақта 20%-дан аспауы керек.


Қазір жұма намазы мешіт ауласында оқылып жүр.