01 қаз, 2022 сағат 13:07

ЖСДП президенттікке үміткер кандидатын ұсынды

Фото: Tengrinews.kz©

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан кезектен тыс Президент сайлауына Нұрлан Әуесбаев қатысады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Астанада ЖСДП-ның ⅩⅠⅩ кезектен тыс съезі өтті. Жиында делегаттар Әуесбаевтың кандидатурасын қолдады.

"Съезд Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан президенттікке үміткер ретінде Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаевты таңдау туралы шешім қабылдады", - деді партия төрағасы Асхат Рақымжанов.

Партия өз тарихында алғаш рет президент сайлауына үміткер ұсынып отыр.

Айта кетейік, Нұрлан Әуесбаев 1957 жылы Түркістан облысында туған. Партияның елордалық филилын басқарады. Жоғары білімі бар, Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін тәмамдаған. Ұзақ жылдар бойы жергілікті атқарушы органдарда жауапты лауазымдарда жұмыс істеген.

ЖСДП – 2006 жылы 10 қыркүйекте құрылған оппозициялық саяси партия. 

Еске салсақ, кезектен тыс Президент сайлауы 20 қарашада өтеді.